09.12.2008, 15:15 1823

Мемлекет басшысы Қарағандыдағы бірқатар нысандарда болды

Мемлекет басшысы Қарағандыдағы бірқатар нысандарда болды

Астана. 9 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Қарағандыдағы бірқатар нысандарда болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтикалық кешенінің жұмысымен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев "Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығының еңбек ұжымы өкілдерімен және шетелдік әріптестерімен кездесіп, кәсіпорынды одан әрі дамыту перспективасын талқылады.

Кешке Нұрсұлтан Назарбаев Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының жаңа ғимаратын аралап көріп, сәулетшілер мен құрылысшыларға алғыс білдірді.

Жалпы аумағы 24 мың шаршы метрді құрайтын сегіз қабатты театр ғимараты үш блоктан - 705 орындық үлкен зал, 200 көрерменге арналған кіші зал және қосымша залдан тұрады. Жобаның құны 3 миллиардтан астам теңгені құрайды, оған қаржы республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген.

"Бұрын Қарағандыда бір ғимаратта бірден орыс және қазақ театрларының ұжымдары жұмыс істейтін. Олар тату-тәтті жұмыс істеп, бір-бірінен көп нәрсені үйренді. Мен қарағандылықтарды қаланың қоғамдық және мәдени өміріндегі тағы бір орталықтың ашылуымен құттықтағым келеді", - деді мемлекет басшысы.

Мәртебелі мейман С.Сейфуллин атындағы Қарағанды қазақ драма театрының әртістері қойған "Айман-Шолпан" спектаклінің премьерасын тамашалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны