09.04.2008, 18:11 3254

Мемлекет басшысы "Каспий энергетикалық хабы" жобасына қатысушыларды қабылдады

Мемлекет басшысы "Каспий энергетикалық хабы" жобасына қатысушыларды қабылдады

Астана. 9-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Каспий энергетикалық хабы" жобасына қатысушыларды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Guif Financt House" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Эсам Юсеф Джанахи мен "PFC Energy International" компаниясының басқарма төрағасы Вахан Заноян президентті жобаның ерекшеліктерімен таныстырды.

"Каспий энергетикалық хабы" Каспий теңізінің жағасында Ақтауда құрылады. Аталған жобаның мақсаты Қазақстанның адам капиталын және Каспий жағалауы өңірінде мұнай және газ өнеркәсібі орталығын құру арқылы тұтастай экономиканы дамытуға қатысу болып табылады.

Жоба аясында мұнай компаниялары үшін техникалық кадрларды даярлаудың және қызметкерлерді жалдаудың ірі орталығын дамыту жоспарланып отыр. Оған ғылым мен техника паркі, геофизикалық мәліметтер зертханасы, ақпараттық технологиялар, қоршаған ортаны зерттеу орталықтары кіреді.

"Президент аталған жобаны мақұлдады. Қазақстан тарапынан серіктес ретінде "Қазына" орнықты даму қоры, "Самұрық" мемлекеттік холдингі және Маңғыстау облысының әкімдігі қатысады", - деді PFC Energy International компаниясының басқарма төрағасы В.Заноян журналистерге арналған брифингте.

"Guif Financt House" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы бүгінде Катарда, Үндістанда, Ливанда осындай бірнеше жобалардың жүзеге асырылғанын жеткізді.

"Қазақстандық жоба 3-5 жылдың ішінде жүзеге асырылатын болады. Жобаға тартылатын инвестицияның жалпы көлемі 10 миллиард долларды құрайды", - деп атап өтті Э.Джанахи.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны