01.11.2016, 22:03 4382

Мемлекет басшысы "Қазақ елі" кинофильмініӊ көрсетілімін тамашалады

Қазақстандық жаӊа тарихи кинотуындыға қазақ әдебиетініӊ классигі Ілияс Есенберлинніӊ "Көшпенділер" трилогиясыныӊ бірінші кітабы - "Алмас қылыш" романы негіз болған.

Астана. 1 қараша. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы "Қазақ елі" кинофильмініӊ көрсетілімін тамашалады, деп хабарлайды Ақорда.

Елбасыныӊ өзі идея авторы болып саналатын киноэпопея Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамыныӊ киностудиясында түсірілген.

Қазақстандық жаӊа тарихи кинотуындыға қазақ әдебиетініӊ классигі Ілияс Есенберлинніӊ "Көшпенділер" трилогиясыныӊ бірінші кітабы - "Алмас қылыш" романы негіз болған. Фильмдегі оқиғалар XV ғасырда өрбиді. Оған Жәнібек пен Керей хандар тұсындағы қазақ мемлекеттілігініӊ қалыптасуы барысындағы басты оқиғалар арқау болады.

Көп сериялы тележоба жұмысына республикадағы танымал киноматографистер - қоюшы режиссер Рүстем Ибдірашев, сценаристер Смағұл Елубаев пен Тимур Жақсыбеков атсалысты. Жалпы, бұл фильмді түсіру жұмысына 500 адам тартылған.

"Қазақ елі" туындысы таяу арада жалпыұлттық прокатқа шығарылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны