08.10.2015, 14:50 4064

Мемлекет басшысы Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығына арналған монументті ашу рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы барша халықты Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығымен құттықтап, Астанадан басталып, Таразда жалғасын тапқан мерекелік шаралардыӊ маӊыздылығын атап өтті

Астана. 08 Қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті рәсім аясында монумент тұғырына гүл қойып, құттықтау сөз сөйледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы барша халықты Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығымен құттықтап, Астанадан басталып, Таразда жалғасын тапқан мерекелік шаралардыӊ маӊыздылығын атап өтті, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Өткен тарихымызды зерттеп, мәлімет жинау үшін тәуелсіздік жылдарында әлемніӊ түкпір-түкпіріне экспедициялар ұйымдастырылды. Біздіӊ тарихымыз бастауын сақ, ғұн, түркілерден алып, Керей мен Жәнібек хандардыӊ Шу алабына көшіп, Қазақ хандығыныӊ туын көтеруімен жалғасады. Біз бұл мерекені тарихымыздыӊ тереӊ екендігін бүкіл әлемге таныту үшін, өскелеӊ ұрпаққа жеткізу үшін өткізіп отырмыз, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығы жалпыхалықтық мереке екенін атап өтті.

Мерекеге орай Тараз қаласыныӊ да келбеті жаӊарды. Бұған Қазақстанныӊ барлық облысы атсалысты, сол үшін оларға алғыс білдіреміз. Осыныӊ бәрі - ұрпақтыӊ ата-бабалар аманатына адалдығыныӊ, Ұлы Дала тарихына тағзымыныӊ нышаны. 17 елден келген қонақтарға алғыс айтамын, - деді Мемлекет басшысы

Қазақстан Президенті Жамбыл облысыныӊ қарқынды дамып келе жатқанына да назар аударды.

Биыл 170 мыӊ шаршы метр баспана салынды. Жыл басынан бері 7 мектеп, 3 балабақша, аурухана пайдалануға берілді. Индустрияландырудыӊ бірінші бесжылдығы аясында 33 нысан іске қосылды, екінші өнеркәсіптік бесжылдықта 27 нысанды іске қосып, 6 000 жұмыс орнын ашу қарастырылған. "Батыс Еуропа - Батыс Қытай жобасы" аяқталып келеді. Осы қала арқылы теміржол, газ құбыры өтеді. Мұныӊ бәрі халықтыӊ игілігі үшін жасалуда. Жамбыл облысы еліміздіӊ басқа да өӊірлері сияқты өз дамуы жолында жаӊа биіктерге жететін болады. Біз табыстарымыз арқылы әлемдегі еӊ дамыған 30 елдіӊ қатарына қосылу ниетіндеміз, бұл "Қазақстан - 2050" стратегиясыныӊ негізгі мақсаты болып табылады. Сонымен қатар, "Нұрлы жол" және индустрияландыру бағдарламалары, сондай-ақ Бес институционалдық реформа да еліміздіӊ болашағына жол ашады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Жамбыл облысында 100-ден аса этнос өкілдері достық пен келісімде өмір сүріп жатқанын айтты.

Біз кез келген мерекені халыққа көбірек игілік жасау үшін пайдаланамыз. Илемде тұрақсыздық, қақтығыстар мен соғыстар болып жатыр, ал біздіӊ елде бәрі тату әрі өзара сыйластық негізінде өмір сүруде. Қазақстанды әлемніӊ өзге елдері біледі, құрметтейді. Еліміз қақтығыстарды шешу ісінде арағайындық жасап, Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін өткізіп келеді. Осыныӊ бәріне халқымыздыӊ бірлігі арқасында қол жеткіздік, - деді Қазақстан Президенті.

Соӊында Мемлекет басшысы көпшілікті тағы да құттықтап, игілік пен бақ-береке, сондай-ақ елімізге тыныштық пен бейбітшілік тіледі.

Монументті ашу рәсіміне 5000-ға жуық адам қатысты. Ескерткіш стелласыныӊ биіктігі 28 метрді құрайды, оныӊ тұғырында биіктігі 4,2 метр болатын Керей мен Жәнібек хандардыӊ мүсіндері қойылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны