16.06.2008, 18:53 3079

Мемлекет басшысы "Қазақатомөнеркәсібі" президентін қабылдады

Мемлекет басшысы "Қазақатомөнеркәсібі" президентін қабылдады

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақатомөнеркәсібі" Ұлттық атом компаниясы" АҚ президенті Мұхтар Жәкішев пен Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық институтының ректоры Шәмшә Беркімбаеваны қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, М. Жәкішев компания жұмысының нәтижелері және компания қызметін кеңейту перспективасы жөнінде мемлекет басшысына баяндады.

"Кездесуде жақында Францияда қол қойылған келісімдер және мемлекет басшысының алдағы Жапонияға сапары тұрғысынан "Қазақатомөнеркәсібі" компаниясының даму стратегиясы талқыланды. Қазіргі уақытта "Қазақатомөнеркәсібі" Жапония тарапымен жанармай элементтерін құрастыратын зауыт құрылысы бойынша жасалған келісімді жүзеге асыруға байланысты құжаттарды рәсімдеп аяқтады. "Қазақатомөнеркәсібі" компаниясының жанармай нарығындағы үлесін арттыру, оның реактор құрылысы нарығына шығуы жөніндегі жоспарлары қаралды", - деді М. Жәкішев журналистерге арналған брифингте.

"Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық институтының ректоры Шәмшә Беркімбаева институттың соңғы жылдардағы жұмыс нәтижелері жөнінде баяндады. Кездесуде жоғарғы білім беру жүйесінің, ауылдық жерлер үшін оқытушы кадрларды дайындаудың кейбір мәселелері талқыланды", - деп көрсетілген баспасөз баянында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны