Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына арналған "Біздіӊ күшіміз - бірлікте" атты республикалық форумына қатысты
Астана. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Іс-шараға 3000-ға жуық адам қатысты, олардыӊ қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ өкілдері, республикалық және өӊірлік этномәдени бірлестіктердіӊ мүшелері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, жастар бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
Елбасы форумға қатысушыларға арнаған сөзінде бүгінде еліміз бойынша 962 этномәдени бірлестік жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.
Осыныӊ бәрі барлық азаматтар үшін Қазақстанныӊ туған үйіндей болып саналатынын айғақтайды. ХХ ғасыр баршаға, соныӊ ішінде Қазақстан жерінде пана тапқан қоныс аударушылар мен күштеп жер аударылғандарға қиын тиді. Былтыр жыл бойы аталып өткен Ассамблеяныӊ 20 жылдығы біртұтас Отанымыздыӊ және балаларымыздыӊ болашағын Қазақстан халқы бірге қалыптастырып жатқанын көрсетті. Бірге өмір сүре отырып, біз бір-бірімізді рухани тұрғыдан байыта түсеміз. Біздіӊ халқымыз татулық пен келісімніӊ бірегей саясатымен, достық негіздегі көршілестікке бейімдігімен, тұрақтылық пен тыныштыққа ұмтылысымен мақтана алады, - деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев елімізде барлық мәдениеттер мен тілдердіӊ теӊ құқылы дамуы, тарихи дәстүрлер мен ғұрыптардыӊ өркендеуі қамтамасыз етілгенін айтты.
Бұл орайда Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ рөлі зор. Осы жылдар ішінде ол елдегі этностарды жақындастырды, әрбір мәдениеттіӊ озық үрдістерін паш етті. Бір қарағанда әр этностыӊ дәстүрі бір-біріне ұқсамағанымен, олардыӊ түпкі мәні бір. Иртүрлі атап жүрсек те, этникалық мерекелердіӊ уақыты мен себептері үйлесіп тұрады. Біз барлық этностардыӊ мерекелеріне ықыласпен қатысамыз, өйткені қазақстандықтар бірліктіӊ, бейбітшіліктіӊ, тыныштықтыӊ, бақыт пен мейірімніӊ айрықша рухын қалыптастыра білді, - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті еліміз 100-ден аса этнос пен 17 конфессия өкілдерініӊ жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған заманауи әрі қауіпсіз ортақ шаӊырақ болып отырғанына назар аударды.
Олар ана тілі мен тарихын оқиды, өз діндерін ұстанады, ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтайды. Біздіӊ газет-журналдарымыз 15 тілде шығады, ал театрларымыз 7 тілде сөйлейді. Барлық облыста кіші Ассамблеялар тиімді жұмыс істейді. Қазақстандықтардыӊ татулығы мен келісімі - қоғамды ұйыстырушы күш. Көпұлттылық елдіӊ стратегиялық артықшылығы екенін біз іс жүзінде дәлелдедік. Ассамблеяныӊ жастармен жұмысқа көбірек көӊіл бөле бастағаны өте маӊызды. Нақ осы жастарға өмірлік айқын бағдар беру керек, оларды күмәнді идеялардыӊ ықпалынан қорғау қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы бүгінде көптеген елдердегі жағдайдыӊ зорлық, этникалық алалау, түрлі соғыстар мен қақтығыстар сияқты еӊ қайғылы сценарийлер бойынша өрбіп жатқанын айтты.
Осындай жағдайда әрбір қазақстандық татулық пен қоғамдық келісімніӊ шынайы бағасы қандай екенін, диалог, бір-біріне деген құрмет, төзімділік пен толеранттылық жолын таӊдау арқылы қандай қайғы-қасіреттерден аман қалғанымызды жете сезіне бастады. Біздіӊ тәжірибемізді енді өзге мемлекеттер зерттеп, пайдалануда. Қазақстанныӊ болашағы зор. Біз сіздермен бірге барлық қиындықтарды еӊсереміз, алға жылжу үшін мемлекет барлық шараны іске асырады, - деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Орал қаласы еліміздіӊ жарқыраған жақұты екенін атап өтті.
Батыс Қазақстан облысы Еуропа мен Азия арасын байланыстырушы өӊір ретінде біздіӊ экономикамызда әрдайым маӊызды рөл атқарып келеді. Өӊір орасан зор транзиттік әлеуетке ие, біз оны дамыта түсетін боламыз. Бүкіл Қазақстандағы сияқты мұнда дағдарысқа қарсы жұмыс жақсы жүріп жатқанын көріп отырмын. Илемдік нарықтағы тұрақсыздық жағдайында облыс әлеуметтік маӊызы бар 33 тауардыӊ 24 түрін өндіріп отыр. Индустрияландырудыӊ бірінші бесжылдығы аясында 32 жоба жүзеге асырылып, 2 мыӊ жұмыс орны ашылды. Сіздердіӊ өӊірлеріӊізде Орал трансформатор зауыты, "Квант" жиһаз фабрикасы, "Батыс Марка Ламб" ет өӊдеу кәсіпорны сияқты ірі кәсіпорындар бар. "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша тағы 40 жоба жүзеге асырылып, 2 мыӊнан астам жұмыс орнымен қамтамасыз ететін болады, - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті мектепке дейінгі мекемелермен қамту деӊгейі өӊірде 98 пайызға жеткеніне, тұрғын үйлер салынып жатқанына назар аударды. Бүгінде үш ауданда жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуық автомобиль жолы салынып, облыстағы барлық дерлік елді мекендер газдандырылды.
Нұрсұлтан Назарбаев елде жүргізіліп жатқан шаралар қарапайым адамдардыӊ әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын айтты.
Соӊында Мемлекет басшысы өӊір тұрғындарына игілік пен бақ-береке тіледі.
Форум барысында Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ және оныӊ жанындағы Аналар кеӊесініӊ мүшелері, этномәдени бірлестіктердіӊ басшылары сөз сөйледі.
Сондай-ақ форум аясында этномәдени бірлестіктердіӊ шығармашылық ұжымдарыныӊ қатысуымен мерекелік концерт өтті.