28.02.2007, 11:15 3231

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын арнайды

АСТАНА. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, онда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын арнайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Кеше президент "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесіне халыққа арнайтын жолдауының басты тезистерін таныстырды. Президентпен кездесуден кейін партия өкілдерінің журналистерге хабарлағанындай, жолдауда алдағы 10 жылға міндеттер қойылып, өткен жылдардың қорытындысы жасалады. Онда әлеуметтік мәселелерге мейлінше назар аударылған. Келешектегі саяси реформалар демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсыныстарына негізделген.

АСТАНА. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, онда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын арнайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Кеше президент "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесіне халыққа арнайтын жолдауының басты тезистерін таныстырды. Президентпен кездесуден кейін партия өкілдерінің журналистерге хабарлағанындай, жолдауда алдағы 10 жылға міндеттер қойылып, өткен жылдардың қорытындысы жасалады. Онда әлеуметтік мәселелерге мейлінше назар аударылған. Келешектегі саяси реформалар демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсыныстарына негізделген.

Конституцияның 44-бабына сәйкес, президент жыл сайын Қазақстан халқына елдегі ахуал және республиканың ішкі және сыртқы саясатындағы басты бағыттар туралы жолдау арнайды.

Осы орайда еске сала кетсек, мемлекет басшысының былтырғы жолдауы Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосу стратегиясына арналды. Ал 2005-жылғы жолдау "Қазақстан қарқынды экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялау жолында" деп аталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны