19.02.2014, 19:29 3627

Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасымен кездесуде кәсіподақтарының жұмысын қарқындандыруға тапсырма берді

" И.Құсайынов Мемлекет басшысын кәсіподақтың қазіргі қызметі, жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары және кәсіподақ қозғалысын дамыту перспективалары туралы хабардар етті", - делінген хабарламада.

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін, 19 ақпанда Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Ибілғазы Құсайыновпен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

" И.Құсайынов Мемлекет басшысын кәсіподақтың қазіргі қызметі, жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары және кәсіподақ қозғалысын дамыту перспективалары туралы хабардар етті", - делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті өңірлерде кәсіподақтардың белсенді жұмысы қажеттігіне және олардың әлеуметтік серіктестік аясында барлық мүдделі тараптармен өзара ықпалдастығының маңыздылығына назар аударды.

"Кәсіподақтардың негізгі міндеті - жұмысшы мен жұмыс берушілер арасында туындайтын мәселелерді дер кезінде шешу, ал ол үшін кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдары барлық тараптармен тығыз ынтымақтастықта болуға тиіс. Бұл ретте жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік диалогтың жаңа түрлерін дамыту маңызды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Федерация төрағасы жұмысшылардың еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін әлеуметтік серіктестіктегі кәсіподақтар қозғалысының рөлін арттыруды, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек дауларының алдын алуды мақсат еткен кәсіподақтар туралы жаңа заңды әзірлеу барысы туралы да айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны