Система Orphus

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деӊгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеӊесініӊ екінші отырысына қатысты

16.04.2015, 17:39 2163

Астана. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Екі ел басшысыныӊ қатысуымен өткен отырыс барысында түрлі салалардағы екіжақты ықпалдастықты нығайту мәселелері, сондай-ақ "Жаӊа Синергия" бірлескен экономикалық бағдарламасын жүзеге асырудыӊ негізгі бағыттары қарастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Н.Назарбаев Р.Ердоғанныӊ елімізге әр сапары екі елдіӊ қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған елеулі табыстарға толы болып келетінін атап өтті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

- Осы жолғы сапар да қазақ-түрік байланыстарында тереӊ із қалдырғаны даусыз. Түркия Қазақстанныӊ еӊ жақын әрі сенімді серіктестерініӊ бірі болып саналады. Елдеріміздіӊ ортақ тарихқа, тіл мен рухани қазынаға негізделген қарым-қатынасы қызу қарқынымен ерекшеленеді, - деді Мемлекет басшысы.

Отырысқа қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтыӊ әлеуеті жоғары екенін және оны болашағы бар бағыттар бойынша бірлескен жобалар арқылы жүзеге асырудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны