13.09.2018, 21:12 4558

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деӊгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеӊесініӊ үшінші отырысына қатысты

Мемлекет басшысы "Жаӊа синергия" атты бірлескен бағдарламаны жүзеге асыру нәтижелеріне тоқталып, инвестициялық әріптестікті дамыту перспективалары туралы әӊгімеледі.

Астана. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деӊгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеӊесініӊ үшінші отырысына қатысты.

Қазақстан Президенті отырысқа қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде екі жақты ынтымақтастықтыӊ қазіргі мәселелеріне жан-жақты тоқталды.

- Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында дамып келеді. Сауда-экономикалық байланыстар ынтымақтастығымыздыӊ маӊызды бөлігі саналады, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркияныӊ маӊызды инвестициялық әріптестеріміздіӊ бірі екенін айтты.

Қазақстан Президенті екі жақты байланыстарды одан әрі нығайтудыӊ нақты шараларына тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев өзара ынтымақтастық мәселелерін шешу үшін Қазақстан мен Түркия арасындағы үкіметаралық комиссияныӊ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "Жаӊа синергия" атты бірлескен бағдарламаны жүзеге асыру нәтижелеріне тоқталып, инвестициялық әріптестікті дамыту перспективалары туралы әӊгімеледі.

- Бүгінде Қазақстан "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында көлік инфрақұрылымын жаӊартуда. Біз осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Орталық Азиядағы жетекші логистикалық хабқа айналуды жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты, бізге елдеріміздіӊ транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану қажет, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев мұнай-газ және әскери-өнеркәсіп салаларындағы қатынастарды нығайту мәселелеріне назар аударды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенінде, туристік және ғылыми-техникалық салаларда тиімді байланыстар орнатудыӊ маӊызды екенін атап өтті.

Кеӊес барысында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелеріне де ерекше мән берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны