11.05.2010, 17:28 3101

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Роговты қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Роговты қабылдады

Астана. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Роговты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, И.Рогов президентке Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 15 жыл толуын мерекелеуге әзірлік барысы туралы мәлімдеді. Атап айтқанда, биылғы жылдың 30 тамызындағы мереке күні негізгі салтанатты іс-шара - "Конституция еліміздің демократиялық дамуының негізі ретінде" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Бүгінде 30-дан астам шет ел өкілі, соның ішінде конституциялық соттардың төрағалары, конституциялық бақылаушы өзге органдардың жетекшілері, шет ел парламенттерінің өкілдері өздерінің конференцияға қатысатындықтарын жеткізді.

"Мемлекет басшысы осы конференция барысында жетістіктер туралы баяндамаға емес, еліміздің дамуына, біздің шет елдік әріптестеріміздің тәжірибесін зерделеуге ғылыми-теориялық тұрғыда терең талдау жасалатынына мән беру қажеттігіне назар аударды. Осы талдаудың негізінде біз мемлекеттің құқықтық механизмдерін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды анықтауымыз қажет", - деді журналистерге арналған брифингте И.Рогов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны