05.06.2009, 13:08 2726

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы президентінің 2009 жылғы 15 мамырдағы "Нұр Отан" ХДП-ның кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" өкімге қол қойды

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы президентінің 2009 жылғы 15 мамырдағы "Нұр Отан" ХДП-ның кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" өкімге қол қойды

Астана. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы 2009 жылдың 2 маусымында "Қазақстан Республикасы президентінің 2009 жылғы 15 мамырдағы "Нұр Отан" ХДП-ның кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" өкімге қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған құжатты жүзеге асыру елдің индустриялық-инновациялық жедел дамуын және мемлекеттік басқару жүйесі мен кадр саясатын жетілдіруді қамтамасыз етуге бағытталған.

Атап айтқанда, индустриялық-инновациялық жедел дамудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жоспарланып отыр. Оның аясында мемлекет басшысы айқындаған жеті бағыт: АӨК және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарын өндіру, мұнай өңдеуді және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы, металлургияны және дайын металл өнімдерін шығару, химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібі, таза энергетиканы қоса алғандағы энергетика, көлік және телекоммуникация инфрақұрылымы дамитын болады.

Іс-шаралар жоспарында қарастырылған бірқатар шаралар мемлекеттік басқару жүйесі мен кадр саясатын жетілдіруге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны