04.09.2009, 18:45 3115

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұжымына жаңа министрді таныстырды

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұжымына жаңа министрді таныстырды

Астана. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұжымына жаңа министрді таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, президент жарлығымен Қанат Саудабаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы - Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қанат Саудабаевтың мемлекеттік және дипломатиялық қызметтегі мол тәжірибесін, оның еліміздегі және шетелдердегі беделін атап өтті.

Мемлекет басшысы Марат Тәжиннің сыртқы ведомствоның басшысы қызметіндегі табысты жұмысына жоғары баға берді. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев М. Тәжинді Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны