13.09.2016, 15:11 3259

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ құрамын бекітті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ құрамын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақордаға сілтеме жасап.

Астана. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ құрамын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ құрамы туралы" Жарлыққа сәйкес мемлекет басшысы ҚР Үкіметініӊ құрамын бекітуге қаулы етті.

Жарлық мәтінінде атап көрсетілгендей, "Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ 44-бабыныӊ 3-тармағына сәйкес:

Ерлан Ибілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасыныӊ Сыртқы істер министрі;

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасыныӊ Ішкі істер министрі;

Дәурен Искербекұлы Абаев Қазақстан Республикасыныӊ Ақпарат және коммуникациялар министрі;

Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев Қазақстан Республикасыныӊ Білім және ғылым министрі;

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;

Жеӊіс Махмұдұлы Қасымбек Қазақстан Республикасыныӊ Инвестициялар және даму министрі;

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасыныӊ Қаржы министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасыныӊ Мәдениет және спорт министрі;

Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасыныӊ Энергетика министрі болып тағайындалсын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны