16.01.2014, 00:07 1625

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасарларын тағайындады

Мемлекет басшысының өкімдерімен бұл лауазымдарға Қуат Бәкірұлы Қожахметов пен Нұрлан Жетпісұлы Құсайынов тағайындалды.

Алматы. 16 қаңтар. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Kazakhstan today.

ҚР Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының өкімдерімен: Бисенғали Шамғалиұлы Тәжияқов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен; Ибен Ағыбайұлы Бектасов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен бұл лауазымдарға Қуат Бәкірұлы Қожахметов пен Нұрлан Жетпісұлы Құсайынов тағайындалды.

Сондай-ақ, ҚР Президентінің өкімдерімен Қозыкөрпеш Есімұлы Жаңбыршин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны