23.06.2009, 18:45 4685

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы жарлыққа қол қойды

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Жарлыққа берілген түсініктемеге сәйкес, бұл жарлықтың негізгі мақсаты - нәтижеге бағдарланған Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне қазіргі уақытта енгізілетін негізгі қағидаттарын құқықтық жағынан бекіту.

Жарлық Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі принциптері мен тетіктерін белгілейді.

Осылайша, Жарлықта мемлекеттік жоспарлау жүйесі - мемлекеттік жоспарлау принциптерінен, құжаттарынан, процестерінен және оған қатысушылардан тұратын, елдің ұзақ мерзімді және орта мерзімді кезеңдегі дамуын қамтамасыз ететін өзара байланысты элементтердің кешеніне анықтама береді.

Жарлықта Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының мынадай түрлері айқындалады: Қазақстаның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы; Қазақстан Республикасының 10 жылға арналған стратегиялық даму жоспары, Елдің аумақтық-кеңістікте дамуының болжамдық сызбасы; 5-10 жылға арналған мемлекеттік бағдарламалар; 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық болжам; аумақтардың 5 жылға арналған даму бағдарламалары; мемлекеттік органдардың 5 жылға арналған стратегиялық жоспарлары; жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың 10 жылға арналған даму стратегиялары және 5 жылға арналған даму жоспарлары; салалық бағдарламалар; 3 жылға арналған республикалық (жергілікті) бюджет.

Жарлықта Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу, бекіту, іске асыру, мониторингтеу, бағалау, түзету, олардың іске асырылуын бақылау жөніндегі негізгі ережелер де берілген.

Оның үстіне, жаңа жүйені бұдан әрі орнықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметіне жергілікті атқарушы органдармен және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен бірлесіп 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейін қолданыстағы стратегияларды, тұжырымдамаларды, доктриналарды, мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларды мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес келтіру тапсырылды.

Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа басқару жүйесі мыналарға мүмкіндік береді:

елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының теңгерімді, тиімді және тұтас жүйесін құруға мүмкіндік береді, мұнда жоғары деңгейдегі құжаттардан төменгі деңгейдегі құжаттарды әзірлеудің қажеттілігі мен дұрыстығы туындайды, ал жоғары деңгейде тұрған құжаттардың іске асырылуын бақылау және бағалау төменгі деңгейдегі құжаттардың негізінде жүзеге асырылады;

нақты нысаналы нәтижеге қол жеткізу үшін құжаттардың артық түрлерін тәртіпке келтіру және оңтайландыру, бағдарламалық құжаттардың тиімділік иерархиясын түзу.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны