13.12.2006, 17:28 3093

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің мүшелерін қабылдады

АСТАНА. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада "Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің мүшелерін қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің басасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында еліміздің саяси-әлеуметтік дамуы, оған ардагерлердің қосқан үлесі талқыланды.

"Президент ардагерлер ұйымының пікірін тындап, еліміздің көркеюіне қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді. Қазір Қазақстан елі үлкен абыройға бөленіп жетістікке жетіп отыр. Біздің айтатын тілегіміз осының бәрі ұзағынан сүйіндірсін, Еліміз әрі қарай өркендей берсін, елімізде тыныштық, жақсылық болсын", - деді Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы Орталық Кеңесінің төрағасы Мақтай Сағдиев журналистер алдында

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны