21.05.2007, 18:42 3271

Мемлекет басшысы Қазақстан жазушылар одағының төрағасын қабылдады

АСТАНА. 21-мамыр. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалинді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Н.Оразалин осы жылдың маусымында өткізу жоспарланған Қазақстан жазушылар одағының жетінші съезіне дайындық жөнінде, қазіргі заманғы әдеби үдерістің өзекті арналары туралы әңгімеледі. Елбасы жазушылар шығармашылығына арқау болған тақырыптар, тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандық өмірдің шындықтарын айқындайтын туындылар, жазушылар одағы мүшелерінің жұмыс жағдайлары мен өмірлері жөнінде ықыласпен тыңдады.

Н.Назарбаев сондай-ақ өткен аптада ел парламенті қабылдаған саяси реформалар мен конституциялық түзетулер туралы шығармашыл зиялы қауымның пікіріне қызығушылық білдірді.

"Президент жазушыларды Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру туралы ұлттық идеяны жүзеге асыруға көркем сөзбен ықпал етуге шақырды", - деді Н.Оразалин журналистерге арналған брифнгте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны