Система Orphus

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады

30.04.2009, 19:21 4028

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құрметті отандастар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!,- делінген президенттің құтытықтауында.

"Бұл мейрам біздің көп ұлтты халқымыздың тамаша дәстүріне, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің символына айналды. Тәуелсіз Қазақстанның барлық табыстары мен жетістіктері - бәрінен бұрын, ұлты мен діни сеніміне қарамастан барлық қазақстандықтардың ұлы және мызғымас достығының нәтижесі. Келісім мен бірлік, Отанымыздың тағдырына деген ортақ жауапкершілік - Қазақстанның табысты дамуының стратегиялық ресурсы, ертеңгі күнге деген біздің сеніміміз бен күшіміздің қайнар көзі",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Менің "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауымда дағдарыстан шығу және дағдарыстан соң еліміздің табысты дамуы үшін негіз қалыптастыру жөнінде нақты міндеттер қойылған. Үкімет пен мемлекеттік органдар оларды жүзеге асыру жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Алайда, дағдарысты еңсерудегі табысымыздың және Қазақстанның жаңа белестерге шығуының негізгі шарты - қоғамның ішкі бірлігі мен топтасуы болып қала бермек. Барлық алға қойған мақсаттарға қазақстандықтардың бірлігінің арқасында ғана қол жеткізе аламыз. Осындай күрделі уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясының атқаратын рөлі ерекше. Тек бірлескенде ғана, біз барлық қиындықты еңсере аламыз",- делінген құттықтауда.

"Барша қазақстандықтарға денсаулық пен бақыт, табыс, амандық-саулық, болашаққа деген нық сенім тілеймін!",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны