02.12.2015, 19:33 3799

Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Нидерланд Корольдігініӊ Премьер-Министрі Марк Рюттемен кездесті

Кездесу барысында сауда-экономика, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, көлік және ғарыш салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - Кездесу барысында сауда-экономика, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, көлік және ғарыш салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тараптар күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Нидерланд біздіӊ еліміздіӊ маӊызды серіктесі болып саналатынын атап өтті.

Біз осымен төртінші рет кездесіп отырмыз. Меніӊ былтыр Сіздіӊ елге сапарым жемісті болды, оныӊ қорытындыларын мен жоғары бағалаймын. Сіз 2010 жылы Астанада өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатыстыӊыз. Нидерланд Корольдігі біздіӊ елге салған инвестиция көлемі жөнінен ЕО елдері ішінен бірінші орын алады және Қазақстанныӊ маӊызды сауда серіктестерініӊ бірі болып саналады. Біз Сіздіӊ сапарыӊызды екіжақты қарым-қатынастарды жаӊа сапалы деӊгейге көтеруге деген ұмтылыс ретінде қабылдаймыз. Сіздіӊ Нидерланд іскер топтары өкілдерін ерте келгеніӊіз де маӊызды жайт болып отыр, - деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде М.Рютте Қазақстан жүзеге асырып жатқан, әсіресе экономиканы әртараптандыруға бағытталған "100 нақты қадам" - Ұлт жоспарын ескергенде ынтымақтастық үшін кеӊ ауқымды мүмкіндіктер бар екеніне тоқталды.

Сондай-ақ, Нидерланд Премьер-Министрі қараша айында Роттердам қаласында "Астана" алаӊыныӊ салтанатты түрде ашылғаны елдеріміздіӊ арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтудыӊ жарқын айғағы екеніне назар аударды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны