27.02.2015, 08:26 3848

Мемлекет басшысы "Қазақстанныӊ халық банкі" АҚ Директорлар кеӊесініӊ төрағасы Александр Павловты қабылдады

Қазақстан Президенті екінші деӊгейлі банктерге артылар жауапкершілік зор екеніне, "Нұрлы жол" бағдарламасын қаржыландыру үшін отандық экономикаға солар арқылы қаражат бағытталатынына назар аударды.

Астана. 27 ақпан. Kazakhstan Today - Кездесуде елдіӊ банк жүйесін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті екінші деӊгейлі банктерге артылар жауапкершілік зор екеніне, "Нұрлы жол" бағдарламасын қаржыландыру үшін отандық экономикаға солар арқылы қаражат бағытталатынына назар аударды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы бұл бағдарлама шағын және орта бизнесті дамытуда, сондай-ақ қаржы жүйесін сауықтыруда маӊызды рөл атқаруы тиіс екендігін айтты.

А.Павлов Қазақстан банктерініӊ бүгінде сыртқы факторлардыӊ ықпалы мен әлемдік нарықтардағы тұрақсыздық салдарларын сезініп отырғанына тоқталды. Осыған байланысты ол ұлттық валютадағы ликвидтілікті арттыру үшін бөлініп отырған қаражат бүкіл банк саласыныӊ орнықтылығына оӊ әсерін тигізеді деген пікір білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны