27.01.2009, 17:38 3012

Мемлекет басшысы Қазақстанның Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Қазақстанның Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысын өткізді

Астана. 27 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысын өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыста әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында Қазақстан экономикасын тұрақтандыруға 10 млрд АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлу мәселесі қаралды.

Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы 5 млрд доллар 2008 жылы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының капиталын ұлғайтуға бағытталғанын айтты. Тағы 5 млрд долларды үкімет "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорына (480 млрд. теңге) және "Қазагро" Ұлттық холдингі АҚ-ына (120 млрд. теңге) инвестициялауды ұсынады.

"Шешім қабылданды, біз ақшаны экономикаға демеу болу үшін нақты жандандыру мақсатына жұмсауымыз қажет,- деді Нұрсұлтан Назарбаев отырыс барысында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны