02.07.2014, 20:31 5483

Мемлекет басшысы Қазақстанның Ұлттық музейін ашты

"Музей біздің ұлттық рухымызды көтеру жағынан ғана емес, елімізді әлемге таныту тұрғысынан белгілі болады. Біздің тарихымыз мақтан етуге лайықты. Ерлік пен елдіктің тарихы. Мыңжылдықтар қойнауынан бастау алатын қазақ шежіресі адамзат тарихының ажырамас бөлігі", - деді Мемлекет басшысы.

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орта Азияда теңдесі жоқ Қазақстан Республикасының Ұлттық тарих музейін ресми түрде ашты.

"Музей біздің ұлттық рухымызды көтеру жағынан ғана емес, елімізді әлемге таныту тұрғысынан белгілі болады. Біздің тарихымыз мақтан етуге лайықты. Ерлік пен елдіктің тарихы. Мыңжылдықтар қойнауынан бастау алатын қазақ шежіресі адамзат тарихының ажырамас бөлігі", - деді Мемлекет басшысы.

Ұлттық тарих музейi Орталық Азияда баламасы жоқ бiрегей жоба. 74 мың шаршы метрдi құрайтын аумақта Қазақстанның ежелгi дәуiрiнен бастап бүгiнгi күнге дейiнгi тарихынан сыр шертетiн археологиялық, этнографиялық, тарихи-мәдени жәдiгерлер жинақталған.

Музей бiрнеше залдарға бөлiнген: Астана, Тәуелсiз Қазақстан, алтын зал, ежелгi және орта ғасырлар тарихы, тарих, этнография, қазiргi заманғы өнер залдары.

Музейдiң көздеген басты мақсаттарының бiрi Қазақстанның мәдени мұрасын паш ету, Астана қаласын ұлттық және халықаралық мәдениет орталығы ретiнде дәрiптеу, ал Қазақстан Республикасын көне тарих пен бай мәдениетке ие қарқынды дамыған ел ретiнде насихаттау

"Музей халықаралық стандарттарға сай жабдықтармен жарақтандырылған. Экспозициялар үшін заманауи көрме технологиялары: бірегей иілгіш экран, медиа-еден, қазіргі Астананың орталық бөлігінің серпінді макеті, көптеген медиаэкрандар, голограммалар, диодты жарығы бар LED-техника, сенсорлы дүңгіршектер, мультимедиялық жолсерік қолданылады", - делінген таратылған мәліметтерде.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік мекемесі Президенттің Жарлығымен 2013 жылғы 30 мамырда құрылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны