03.06.2009, 17:57 2468

Мемлекет басшысы "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық істерді тергеу барысында қатаң заңдылықты қамтамасыз етуді тапсырды

"Мемлекет басшысы "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының басшыларына, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған қылмыстық істерді тергеу барысында қатаң заңдылықты қамтамасыз етуді тапсырды", - деді Бас прокурор.

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық істерді тергеу барысында қатаң заңдылықты қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәмиді қабылдады.

Қ.Мәми президентті елдегі заңдылықтың ахуалы мен бақылаушы орган жұмысының басым бағыттары туралы хабардар етті. Үкіметтің 2009-2011 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген қаражатты мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар, Қазақстанда тергеу жүргізіліп жатқан бірқатар қылмыстық істер жөнінде әңгіме болды.

"Мемлекет басшысы "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының басшыларына, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған қылмыстық істерді тергеу барысында қатаң заңдылықты қамтамасыз етуді тапсырды", - деді Бас прокурор.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны