21.03.2007, 10:09 3441

Мемлекет басшысы "Қазатомпром" ұлттық атом компаниясы мен "Қазақмыс" корпорациясының президенттерін қабылдады

АСТАНА. 21-наурыз. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше "Қазатомпром" ұлттық атом компаниясы мен "Қазақмыс" корпорациясының президенттерін қабылдады,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында М.Жәкішев мемлекет басшысын компанияны дамыту стратегиясының іске асырылуы туралы хабардар етті.

- Қазіргі уақытта атом энергиясы әлемдік экономиканы дамытуда барған сайын маңызды рөлге ие бола түсуде. Алдымызға қойылған және бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан міндеттер мен жоспарларға сәйкес Қазақстан үшін бұл саланың маңызы мұнай мен газ саласымен бірдей болады деп күтілуде, - деді М.Жәкішев журналистерге арналған брифингте.

Мемлекет басшысы сондай-ақ "Қазақмыс" корпорациясының президенті Владимир Кимді қабылдады.

"Қазақмыс" басшысы президентке корпорацияны дамытудың жетістіктері мен болашағы туралы айтып берді.

- Біз өндірістік жылдық жоспарымызды мерзімінен бұрын орындап, әлеуметтік саланы дамытуға 60 миллион доллардай қаржы бөлдік. Сондай-ақ біз Сәтбаев қаласындағы ірі мұз айдыны сарайының құрылысын аяқтадық. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астанада балалар үйін салуды жоспарлап отырмыз, - деді В.Ким журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны