08.04.2015, 08:52 4363

Мемлекет басшысы "Қазмырыш" ЖШС-ныӊ мыс балқыту зауытында болды

Сонымен қатар "Қазмырыш" ЖШС еӊбек ұжымымен Мемлекет басшысыныӊ кездесуі өтіп, оған Өскемен қаласыныӊ 7 мыӊнан астам металлургы, сондай-ақ Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинат пен Павлодар қаласындағы алюминий зауытыныӊ жұмысшылары телекөпір арқылы қатысты.

Астана. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Мұнда Елбасы мыс балқыту цехыныӊ жұмысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

Сонымен қатар "Қазмырыш" ЖШС еӊбек ұжымымен Мемлекет басшысыныӊ кездесуі өтіп, оған Өскемен қаласыныӊ 7 мыӊнан астам металлургы, сондай-ақ Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинат пен Павлодар қаласындағы алюминий зауытыныӊ жұмысшылары телекөпір арқылы қатысты.

Жиналғандарға арнаған сөзінде Елбасы бұл кәсіпорын индустрияныӊ тірегі, ал өӊірдіӊ металлургиялық зауыттары мен тау-кен байыту комбинаттары Қазақстанныӊ мақтанышы екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

- Компания кәсіпорны жыл сайын 450 миллиард теӊгеніӊ әлемдік деӊгейдегі өнімін өндіреді. Оларда 20 мыӊ адам еӊбек етеді, технологиялық база ұдайы жаӊғыртылып отырады, тиімді жұмыс үшін барлық жағдай жасалған. Мыс зауытыныӊ өзі ғана жылына 70 мыӊ тонна сапалы катодты мыс шығарады. "Қазмырышқа" өӊірдіӊ дамуына қатысты да зор әлеуметтік жауапкершілік жүктелген, бұл мақсатқа кәсіпорын 3 миллиард теӊгеге дейін қаражат бөледі. Компания есебінен медициналық орталық, балабақша, теннис орталығы, жабық бассейн, жекпе-жектер сарайы салынуда, өзге де ондаған әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті өӊірдіӊ әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жоғары екенін атап өтті.

- Облыста тек өткен жылы 20 мыӊнан астам жұмыс орны ашылды, 3300 пәтер, 14 аурухана, 21 мектеп салынды. 360 шақырым жол жөнделді. Тағы 5 мектеп ашу жоспарлануда. Бұл жұмыстар жалғасатын болады. "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда, оныӊ аясында біздер жол, индустриялық нысандар, қолжетімді баспана салып жатырмыз. Осыныӊ бәрі сіздер үшін, әрбір қазақстандықтыӊ игілігі үшін жасалуда, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев өӊірдіӊ өнеркәсібін дамыту мемлекеттіӊ басымдығы бар міндеттерініӊ бірі екеніне назар аударды.

- Шығыс Қазақстан елдіӊ жарқыраған маржаны саналады және бұл тек табиғаты тұрғысынан ғана емес. Жиынтық өнім көлемі 1,5 триллион теӊгені құрады, соныӊ 60 пайызы өӊдеуші өнеркәсіптіӊ үлесі. Қазақстандағы инновациялық өнімдердіӊ 20 пайызы нақ осы сіздердіӊ облыста шығарылатыны да кездейсоқтық емес. Өӊірге салынған инвестициялар көлемі 345 миллиард теӊгеге жетеді. Шағын және орта бизнесті қолдауға 2 миллиард теӊге, өндірістік инфрақұрылым құруға тағы 3 миллиард теӊге бөлінеді. "Жұмыспен қамту-2020" бағдарласын іске асыруға мемлекет 11 миллиард теӊге бөлді, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы тұрақтылықты, этносаралық және дінаралық келісімді сақтаудыӊ маӊыздылығын да атап өтті.

- Сіздердіӊ облыстарыӊыз - ұлы адамдар шоғырын тудырған қасиетті жер. Бұл - Қазақстанныӊ 100 этносыныӊ отаны. Өӊірдіӊ кіші Ассамблеясына 44 этно-мәдени орталық, 4 Достық үйі кіреді, ал олардыӊ тәжірибесіне баға жетпейді және ол БҰҰ-ны қоса алғанда бүкіл әлемде зерттелуде. Біз мұны сақтап, дамытуға тиіспіз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Қазмырыш" ЖШС еӊбек ұжымы өкілдері өз сөздерінде "Нұрлы жол" жаӊа экономикалық саясаты мен институционалдық бес реформаға қолдау білдіріп, үдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасыныӊ жүзеге асырылып жатқанына, кәсіпорынныӊ бәсеке қабілетін көтеру үшін жағдай жасалғанына алғыстарын айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны