02.04.2009, 16:37 3000

Мемлекет басшысы KEGOC компаниясының ағымдағы және алдағы жылдарға арналған инвестициялық жобаларын қолдады

Мемлекет басшысы KEGOC компаниясының ағымдағы және алдағы жылдарға арналған инвестициялық жобаларын қолдады

Астана. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ""KEGOC Электр желілерін басқару жөніндегі компаниясы" акционерлік қоғамының президенті Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қ.Бозымбаев компанияның 2008 жылғы және биылғы бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындылары туралы баяндады.

Кездесу барысында әлемдік қаржы дағдарысының тигізер кері әсері жағдайында Қазақстандағы электр энергиясы саласын дамыту мәселелері, сондай-ақ компания жүзеге асыруды ағымдағы және алдағы жылдарға белгілеген инвестициялық жобалар талқыланды.

"Барлық жобаларымыз мемлекет басшысының қолдауына ие болды. Ел экономикасына қажетті энергетика нысандарын құру үшін үкіметпен және біздің акционеріміз - "Самұрық-Қазына" қорымен жұмыс жасаймыз", - деді Қ.Бозымбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны