23.09.2009, 10:16 1565

Мемлекет басшысы кеше түстен кейін ОҚО Арыс ауданындағы Ақдала ауылында болды

Мемлекет басшысы кеше түстен кейін ОҚО Арыс ауданындағы Ақдала ауылында болды

Астана. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы кеше түстен кейін Арыс ауданындағы Ақдала ауылына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент "Жаңа ақдала" агрофирмасында болып, көкөніс дақылдары алаңын және алма бағын тамшылатып суландыру технологиясымен, жаңа зауыттағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үдерісімен танысты.

Кәсіпорынның алаңында 2009 жылы 700 гектар алаңға қызанақ, 150 гектарға бау-бақша дақылдары, 150 гектарға өзге де көкөністер отырғызылған. Тамыз айында іске қосылған зауыт өнімділігі тәулігіне 600 тоннаны құрайды.

Мұнда Нұрсұлтан Назарбаев облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен әңгімелесті.

Мемлекет басшысы сапарының бірінші күні Көксарай су реттегішіне баруымен аяқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны