06.10.2008, 17:10 1595

Мемлекет басшысы Қырғыз президентіне жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандарға байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады

"Қазақстан Ош облысындағы адамдардың қазасына әкелген жер сілкінісі туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қатты қайғырып көңіл айтуымды және болған іске болаттай берік болуларын жеткізуіңізді сұраймын", - делінген жеделхатта.

Астана. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының президенті Құрманбек Бакиевке Ош облысындағы жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандарға байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Ош облысындағы адамдардың қазасына әкелген жер сілкінісі туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қатты қайғырып көңіл айтуымды және болған іске болаттай берік болуларын жеткізуіңізді сұраймын", - делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны