15.04.2015, 15:30 3734

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасыныӊ Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэйді қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан-Қытай қарым-қатынасыныӊ одан әрі дамуыныӊ негізгі бағыттары, сондай-ақ Қытай Халық Республикасыныӊ Төрағасы Си Цзиньпинніӊ алдағы мемлекеттік сапарыныӊ дайындығына қатысты мәселелер талқыланды

Астана. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Қазақстан-Қытай қарым-қатынасыныӊ одан әрі дамуыныӊ негізгі бағыттары, сондай-ақ Қытай Халық Республикасыныӊ Төрағасы Си Цзиньпинніӊ алдағы мемлекеттік сапарыныӊ дайындығына қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Елбасы екі ел арасындағы достық және сенімге құрылған қатынастардыӊ деӊгейі жоғары екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

- ҚХР Мемлекеттік кеӊесініӊ премьері Ли Кэцянныӊ былтырғы сапары табысты болды, біз бірқатар маӊызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Қытайдыӊ "Бір белбеу, бір жол" бастамасы мен біздіӊ "Нұрлы жол" бағдарламамыздыӊ ұқсастықтары көп. Біздіӊ елдеріміздіӊ іс-қимылы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автомагистралініӊ құрылысында да тоғысады, газ құбыры мен теміржолдар салудамыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ҚХР елшісі Қазақстан-Қытай қарым-қатынастары өркендеп отырғанын, өзініӊ даму тарихында еӊ жоғары деӊгейге көтерілгенін атап өтті.

- "Қазақстан-2050" Стратегиясы және "Қытай арманы" бағдарламасы да мақсаты мен мерзімі жағынан ұқсас. Қазақстан мен Қытай тату көрші ғана емес, стратегиялық серіктес те болып саналады. Біз Қазақстанныӊ ел ішіндегі және өӊірдегі тұрақтылықты сақтауға бағытталған ұмтылысын қолдаймыз. Қытай тарапы достық пен екіжақты қарым-қатынастарды жоғары бағалайды, - деді Ч.Ханьхуэй.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны