24.06.2008, 18:29 3104

Мемлекет басшысы Қытай сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қытай сыртқы істер министрін қабылдады

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ян Цзечиді қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігінің өзекті мәселелері талқыланды. Кездесуде екі елдің әлемдік және аймақтық саясаттың бірқатар мәселелері төңірегіндегі ұстанымдарының ұқсастығы ерекше атап өтілді. Тараптар екі мемлекеттің қазіргі заман жағдайындағы тұрақтылығын, қауіпсіздігін және өркендеуін қамтамасыз етудің маңызды факторы бола алатын экономика және саясат саласындағы ынтымақтастықтың бірқатар перспективті бағыттарын талқылады.

Кездесуді ашқан Нұрсұлтан Назарбаев: "Елдеріміз арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамуда және біздің ынтымақтастығымыздың дамуына ешқандай кедергі жоқ", - деді.

Мемлекет басшысы Қытай халқына, жуырда ғана Қытайда болған табиғи апатқа орай Қазақстан халқы атынан көңіл айтты. Ирі біздің республикамыздың көрші мемлекетке әрдайым қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді. Қытай ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстаннан гуманитарлық көмек алған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны