11.08.2012, 11:30 2790

Мемлекет басшысы Көкшетау қаласының әуежайын қайта құрылымдау барысымен танысты

Ақмола облысының әкімі Қайрат Қожамжаров Қазақстан Президентіне қала әуежайын қайта құрылымдау жөніндегі жұмыс барысы туралы баяндады.

Көкшетау. 11-тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетау қаласының әуежайын қайта құрылымдау барысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақмола облысының әкімі Қайрат Қожамжаров Қазақстан Президентіне қала әуежайын қайта құрылымдау жөніндегі жұмыс барысы туралы баяндады.

Қазіргі уақытта нысанға жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Оның барысында аэровокзалға, ұшу-қону алаңына, жылу және энергетикалық қамтамасыз ету жүйесіне жөндеу жасалады, сондай-ақ жарықпен ескерту жабдықтары жаңартылады.

Қайта құрылымдау аяқталғаннан кейін әуежай әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдау мен ұшыруды жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны