08.04.2015, 14:17 6299

Мемлекет басшысы "Kondiz" ЖШС кондитерлік фабрикасында болды

Нысанда Мемлекет басшысы кәсіпорынныӊ жұмысымен танысып, еӊбек ұжымымен әӊгімелесті

Астана. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Нысанда Мемлекет басшысы кәсіпорынныӊ жұмысымен танысып, еӊбек ұжымымен әӊгімелесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті облыста халықтыӊ әл-ауқатын арттыру үшін қажетті жағдайлар жасалғанына тоқталды. Атап айтқанда, әлеуметтік және спорт нысандары, баспана, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы нысандары салынып жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев осы шаралар өӊір экономикасыныӊ өсуіне және жаӊа жұмыс орындарыныӊ ашылуына ықпал ететінін айтты. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

***

Немістіӊ заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықталған фабриканыӊ өндірістік қуаты жылына 22 мыӊ тонна кондитер өнімін шығаруға лайықталған. Кәсіпорында 119 адам жұмыспен қамтылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны