08.10.2015, 20:21 4761

Мемлекет басшысы "Көне Тараз" музейінде болды

Президенті музей экспозицияларын аралап көрді, сондай-ақ шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерімен, Жамбыл облысы тұрғындарымен, қонақтарымен кездесу өткізді

Астана. 08 Қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті музей экспозицияларын аралап көрді, сондай-ақ шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерімен, Жамбыл облысы тұрғындарымен, қонақтарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Археологиялық саябаққа барып, археологиялық қазба жұмыстарыныӊ нәтижелерімен танысты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарыныӊ мақсаты "І-ХІХ ғасырлардағы ежелгі Тараз" ескерткішініӊ аумағын "Көне Тараз" тарихи-мәдени археологиялық саябағына айналдыру болып саналады.

Сараптама нәтижесініӊ қорытындысы бойынша биыл қалашық аумағындағы нысандар құрылысыныӊ аумақтық шекаралары нақтыланып, қазба жұмыстары кезінде табылған тұрғынжайлардыӊ орны анықталды. Табылған экспонаттар мен жәдігерліктер қатарында теӊгелер, қыш бұйымдар, қыш құбырлар арқылы жүргізілген ежелгі сумен қамтамасыз ету жүйесі және орта ғасырдағы басқа да заттар бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны