13.03.2018, 16:54 5392

Мемлекет басшысы Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясыныӊ спикері Чон Се Гюнмен кездесті

Елдеріміз арасындағы тауар айналымыныӊ көлемі екі миллиард долларға жуықтады. Сіздердіӊ тауарларыӊыздыӊ біздіӊ елге Ляньюньган порты арқылы келіп жатқаны қуантады, онда біздіӊ логистикалық терминалымыз бар. Қазақстан Кореямен жаӊа және цифрлық технология, индустрияландыру, медицина және басқа да салаларда ынтымақтастық орнатуға ниетті, - деді Қазақстан Президенті

Астана. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясыныӊ спикері Чон Се Гюнмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында Қазақстан мен Оӊтүстік Корея арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастыӊ дамып келе жатқанын және оны әрі қарай нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

- Қазақстан Корея Республикасымен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Елдеріміз арасындағы тауар айналымыныӊ көлемі екі миллиард долларға жуықтады. Сіздердіӊ тауарларыӊыздыӊ біздіӊ елге Ляньюньган порты арқылы келіп жатқаны қуантады, онда біздіӊ логистикалық терминалымыз бар. Қазақстан Кореямен жаӊа және цифрлық технология, индустрияландыру, медицина және басқа да салаларда ынтымақтастық орнатуға ниетті, - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оӊтүстік Корея арасындағы парламентаралық қарым-қатынастарды нығайтудыӊ және оларды дамытудыӊ маӊыздылығына назар аударды.

Чон Се Гюн кездесуге және екіжақты қатынастар мәселесін талқылауға мүмкіндік бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.

Ұлттық Ассамблея спикері Астананыӊ қарқынды дамып келе жатқанын айтып, Қазақстанда өткен жаһандық іс-шаралар - Халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесі мен Дүниежүзілік XXVIII қысқы универсиадаға жоғары баға берді.

Чон Се Гюн екіжақты байланыстыӊ стратегиялық сипатта дамып келе жатқанына тоқталып, "Қазақстан-2050" стратегиясыныӊ мақсаттарына жету жолында Корея Қазақстанға серіктес болуға дайын екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, Ұлттық Ассамблея спикері өткен ғасырдыӊ 30-жылдарында Қазақстанға жер аударылған этникалық кәрістерге көмек қолын созып, қолдау көрсеткені үшін еліміздіӊ халқына алғыс білдірді.

Сонымен қатар Чон Се Гюн Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ спикері Н.Нығматулинмен кездесіп, екі ел парламенттері арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны