17.04.2018, 20:54 3717

Мемлекет басшысы Корея Республикасыныӊ Сыртқы істер министрі Кан Гён Хвамен кездесті

- Президент Мун Чже Ин 25 жыл ішінде елдеріміз арасында қалыптасқан берік негізге сүйене отырып, ықтымақтастығымызды одан әрі дамытуға және нығайта түсуге ниетті, - деді Кан Гён Хва.

Астана. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Корея Республикасыныӊ Сыртқы істер министрі Кан Гён Хвамен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтыӊ өзекті мәселелерін және екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардыӊ даму перспективаларын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасыныӊ Сыртқы істер министріне ілтипат білдіріп, екіжақты байланыстардыӊ сенімді сипатқа ие болып отырғанын атап өтті.

- Астана мен Сеул арасында сенімге негізделген достық қатынас орнап, экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Экономикалық және гуманитарлық өзара ықпалдастықтыӊ көптеген мәселелері шешімін табуда. Сіздердіӊ Орталық Азияда жүргізіп жатқан белсенді жұмыстарыӊызды қолдаймыз, - деді Қазақстан Президенті.

Корея Республикасыныӊ Сыртқы істер министрі кездесуге мүмкіндік бергені үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан астанасынан алған әсері жөнінде айтты.

- Бұл - Қазақстанға және Астанаға жасаған алғашқы сапарым. Мен үшін сапарымныӊ елордаларыӊыздыӊ 20 жылдығын мерекелеу қарсаӊында өтуініӊ мәні зор. Осы кезеӊ ішінде Астана дамудыӊ үлкен жолынан өткеніне тәнті болдым, - деді Кан Гён Хва.

Кездесуде сыртқы істер ведомствосыныӊ басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Корея Республикасыныӊ Президенті Мун Чже Инніӊ ыстық ықыласын жеткізді.

- Президент Мун Чже Ин 25 жыл ішінде елдеріміз арасында қалыптасқан берік негізге сүйене отырып, ықтымақтастығымызды одан әрі дамытуға және нығайта түсуге ниетті, - деді Кан Гён Хва.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны