29.12.2007, 17:44 3090

Мемлекет басшысы қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесті

Мемлекет басшысы қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесті

Астана. 29 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде болып, оның орталық аппаратының басшылық құрамымен кездесті, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесу барысында президент тәуелсіздік жылдарында ел басшылығының республиканың Қарулы күштерін құруға баса назар аударып келгенін атап өтті.

"Біз Қазақстан тарихында алғаш рет өз Қарулы күштерімізді құрдық", - деді Н.Назарбаев.

Экономикалық ахуалдың жақсаруының арқасында мемлекет армияны материалдық-техникалық тұрғыда жабдықтау, бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз ету мәселелерін тиімді шешуда. Искерилердің материалдық қамтамасыздығы жақсарып, олардың баспана тауқыметі шешімін табуда. Соның нәтижесінде Қазақстан Қарулы күштерінің жауынгерлік қабілеті өсе түсуде.

Мемлекет басшысы Ресеймен және басқа да көршілес елдермен әскери ынтымақтастықтық орнатудың маңызына тоқталды. Қазақстанның мемлекеттік шекарасын бойлай дос мемлекеттер қоршай орналасқан. Алайда, дейтұрғанмен, Қарулы күштер жаңаша қауіп-қатерлерге, бірінші кезекте лаңкестік пен экстремизмге қарсы тұруға дацын болуға тиіс. Осыған байланысты армияның жеке құрамы қазіргі заманғы қару-жарақ пен техниканы игеріп, әскерлер мен офицерлердің жауынгерлік дайындығы мен білім деңгейін тұрақты көтере түсуге тиіс. Мемлекет барлық әскери түрлерінің оқу-жаттығуларын өткізуге қажетті қаржыны бөліп отыр.

"Мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен біртұтастығын қорғау үшін "скерилерден темірдей тәртіп, қазіргі заманғы техниканы басқара білу, тұрақты дайындық талап етіледі", -деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан Қарулы күштерінің жеке құрамын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, олар мен олардың отбасыларына денсаулық пен ырыс тіледі.

"Еліміз армиясының жауынгерлерін, қатардағы жауынгерлерден бастап генералдарға дейін Жаңа жылмен құттықтап, баршаларыңыз бен сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық тілеймін. Искери дайындықта және Отан қорғауда табыстар тілеймін. Отандарыңыз сіздерге сенеді! - деді Н.Назарбаев.

Президент Қорғаныс министрлігінің орталық аппаратының басшылық құрамына бағалы сыйлықтар табыс етті.

Қорғаныс министрлігінің генералдары мен офицерлерінің атынан сөз алған еліміз қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, штаб бастықтары комитетінің төрағасы Мұхтар Алтынбаев Қарулы күштердің жеке құрамы Жоғары бас қолбасшының поган таққан адамдарға деген қамқорлығын ұдайы сезініп отыратынын атап өтті. Соның арқасында әскерилердің әлеуметтік жағдайы жақсарып, армия барлық қажетті дүниелермен қамтамасыз етілді.

"Қарулы күштеріміз сіздің қандай тапсырмаңызды да орындауға дайын деп сендіре аламын", - деп мәлімдеді армия генералы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны