06.09.2006, 14:10 3441

Мемлекет басшысы Қостанай облысына келді

ҚОСТАНАЙ. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қостаанй облысына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Бүгін 12 сағат 42 минутта мемлекет басшысы мінген ұшақ Қостанай әуежайына келіп қонды. Нұрсұлтан Назарбаевты облыс әкімі Сергей Кулагин, Қостанай қаласының әкімі Жеңіс Нұрғалиев пен басқа да облыс басшылығы күтіп алды.

ҚОСТАНАЙ. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қостаанй облысына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бүгін 12 сағат 42 минутта мемлекет басшысы мінген ұшақ Қостанай әуежайына келіп қонды. Нұрсұлтан Назарбаевты облыс әкімі Сергей Кулагин, Қостанай қаласының әкімі Жеңіс Нұрғалиев пен басқа да облыс басшылығы күтіп алды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, облыстағы жұмыс сапарын президент Қостанай ауданынан бастайды. Мұнда ол "Садчиковское" ЖШС-нің егіс алқаптарында болып, дәнді дақылдар егінін аралайды. Садчиковка аулының "Иволга" мәдениет үйінде президент облыстың дихандарымен жүздеседі. Сонымен бірге Н.Назарбаев ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу цехында болып, онда Италия технологиясымен сүт өңдеу, ірімшік пен сүзбе жасау процессімен танысады.

Бүгін кешке президент Қостанайдың Орталық стадионында облыстың 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шоуға қатысады.

7-қыркүйек, бейсенбіде президент Қостанайдағы Достық үйінің ашылуына атсалысады. "Жаңа Достық үйінде 14 ұлттық-мәдени орталықтар мен облыстағы қауымдардың кеңселері орналасқан",- деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Сол күні мемлекет басшысы Республикалық "Отан" саяси партиясының облыстық филиалының кеңсесінің ашылу рәсіміне қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны