17.01.2014, 19:20 3383

Мемлекет басшысы ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасарын тағайындады

Азамат Құрманбекұлы Ибдімомынов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Сондай-ақ, Аяна Тоқтағанқызы Манасова Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Алматы. 17 қаңтар. Kazakhstan today. Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары тағайындалды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Азамат Құрманбекұлы Ибдімомынов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Аяна Тоқтағанқызы Манасова Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны