04.02.2011, 12:25 3968

Мемлекет басшысы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы заңға қол қойды

Кеше ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев "ҚР кейбір Конституциялық заңдарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" ҚР Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 4 - ақпан. Kazakhstan Today - Кеше ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев "ҚР кейбір Конституциялық заңдарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" ҚР Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, кеше мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары "ҚР кейбір Конституциялық заңдарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" ҚР Конституциялық заңының жобасын мақұлдадаған болатын.

Бұрын хабарлағанымыздай, 31-қаңтар күні мемлекет басшысы президент сайлауын кезектен тыс өткізу жөнінде ұсыныс білдірген болатын.

"Демократиялық жолмен сайланған тұңғыш Президент ретінде еліміздің биік мүдделерін басшылыққа ала отырып, мен референдум өткізбеу туралы шешім қабылдадым. Жұртшылықты бөлетін "референдум әлде сайлау" деген таңдаудың орнына мен халқымыздың еркі мен демократиялық қағидаттарға адалдығын ескеретін және бізді біріктіретін жолды ұсынамын. Мен өкілеттігімнің екі жылға қысқаратынына қарамастан, мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу туралы ұсыныс енгіземін", - деді Президент.

Ал мәжіліс президент сайлауын кезектен тыс өткізу жөніндегі заң жобасын 1-ақпан күні өндіріске алған болатын.

Сондай-ақ, 2011 жылғы 31 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституцияға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өкілеттігін республикалық референдум арқылы ұзартуды қарастыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңның құқықтық тағдыры туралы шешімін шығарған болатын. Парламент депутаттары бұл заңды референдумды қолдау жөніндегі үндеуге қолдарын қойған бес миллионнан астам қазақстандықтың қалауын басшылыққа ала отырып қабылдаған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 2011 жылдың 17-қаңтарында Конституциялық кеңес парламенттің 2011 жылдың 14 қаңтарында қабылдаған "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның Қазақстанның Конституциясына қайшы келмейтіндігін тексеру туралы ҚР президенті Н. Назарбаевтің ұсынысын өндіріске алған болатын.

"КК бұл заңды Конституцияға қайшы деп тапты. Бұл аталмыш заңға қол қойылып, күшіне ене алмайды деген сөз. Сондай-ақ, ҚР президенті Конституцияға сәйкес, бір ай ішінде КК қаулысына қарсылық білдіре алатындығын да ескеру қажет",- деді И. Рогов.

"Осылайша, референдумның тағдыры туралы соңғы сөзді тек президент қана айта алады",- деп нақтылады кеңес төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны