30.11.2010, 13:56 6708

Мемлекет басшысы ҚР Ұлттық қорынан 2011-2013 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қордан 2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджетке қаражат бөлуді қарастыратын "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2011-2013 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 30 - қараша. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қордан 2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджетке қаражат бөлуді қарастыратын "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2011-2013 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұрын хабарлағанымыздай, елбасының 2010 жылдың 29-қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 2010 жылдан бастап ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 8 млрд. АҚШ доллары сомасында белгіленеді.

Аталмыш заң жобасында доллардың нарықтық бағамы - 150 теңге болатынын ескере келе, осы заң бойынша Ұлттық қордан жыл сайынғы трансферт мөлшері 1 трлн. 200 млрд. теңге сомасында бекітіледі. Бұл қаражат ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың және бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстарын қаржыландыруға жұмсалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны