23.04.2014, 20:37 3973

Мемлекет басшысы ҚР-ның бірқатар заңына қол қойды

Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР бірқатар заңына қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 23 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР бірқатар заңына қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысы халықаралық стандарттарға сәйкес полиция қызметінің тиімділігін арттыруға, ішкі істер органдарының міндеттері мен функцияларын нақты айқындауға, олардың жұртшылықпен өзара іс-қимыл механизмдерін жетілдіруге және ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін әлеуметтік кепілдікті нығайтуға бағытталған "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы заңнамалық актілерді "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының жаңа заңына сәйкес келтіруге және қылмыстылыққа қарсы әрекет ету, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "1999 жылдың 3 желтоқсанында негізгі қабатты бұзатын заттар туралы Пекинде қабылдаған Монреал хаттамасына өзгерістер енгізуді ратификациялау" туралы Заңға қол қойылды.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны