29.04.2010, 17:12 3403

Мемлекет басшысы "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заңға қол қойды

Мемлекет басшысы "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заңға қол қойды

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және құқық бұзушылық профилактикасын ұйымдастырушылық негіздерін айқындауға бағытталған "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бүгін бұған қоса парламентте қабылданған "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңға бірқатар заңнамалық актілерді сәйкес келтіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға да қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны