01.04.2008, 16:58 2623

Мемлекет басшысы Кувейт Имірі әкімшілігінің басшысын қабылдады

"Біздің елдеріміз арасында бүгінгі таңда да серпінді дамып келе жатқан ұзақ жылдар бойғы өзара қарым-қатынас орныққан. Біз Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі маңызды әріптес ретінде қарастырамыз, себебі сіздердің елдеріңізбен табысты ынтымақтастықты дамыту осы өңірдегі басқа да елдермен тиімді әріптестік орнатуға ықпал ете алады. Біздің ынтымақтастықтың негізгі идеясы Парсы шығанағының солтүстігі мен Орталық Азия өңірі арасындағы өзара байланысты орнықтыру болып табылады", - деді Кувейт Имірі әкімшілігінің басшысы журналистерге арналған брифингте.

Астана. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Кувейт Имірі әкімшілігінің басшысы шейх Насер Сабах Ил-Ахмад Ил-Жабер Ас-Сабахты қабылдады, деп хабарладйы агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шейх Насер Ас-Сабах президентке Кувейт мемлекеті Имірінің, сондай-ақ мұрагер ханзада мен осы елдің премьер-министрінің сәлемін жеткізді.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

"Біздің елдеріміз арасында бүгінгі таңда да серпінді дамып келе жатқан ұзақ жылдар бойғы өзара қарым-қатынас орныққан. Біз Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі маңызды әріптес ретінде қарастырамыз, себебі сіздердің елдеріңізбен табысты ынтымақтастықты дамыту осы өңірдегі басқа да елдермен тиімді әріптестік орнатуға ықпал ете алады. Біздің ынтымақтастықтың негізгі идеясы Парсы шығанағының солтүстігі мен Орталық Азия өңірі арасындағы өзара байланысты орнықтыру болып табылады", - деді Кувейт Имірі әкімшілігінің басшысы журналистерге арналған брифингте.

Сондай-ақ ол ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Кувейтте Ислам экономикалық форумы өтетінін, онда қазақстандық делегация кувейт тарапымен экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселелері бойынша арнайы кездесу өткізуге мүмкіндік алатынын жеткізді.

"Қазақстанмен өзара қарым-қатынасты одан әрі дамыту біз үшін өте тиімді, және де мен екі жақтың табысты ынтымақтастыққа қатысты уағдаластықтарға қол жеткізетініне үміттенемін", - деп атап көрсетті шейх Насер Ас-Сабах.

Ол сондай-ақ биыл Кувейт мемлекеті Имірінің Қазақстанға ресми сапары жоспарланып отырғанын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны