20.07.2016, 14:42 3754

Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады

Кездесу барысында министрлік қызметініӊ негізгі бағыттары, соныӊ ішінде дін саласындағы заӊнамаларды одан әрі жетілдіру шаралары талқыланды

Астана. 20 шілде. Kazakhstan Today - Кездесу барысында министрлік қызметініӊ негізгі бағыттары, соныӊ ішінде дін саласындағы заӊнамаларды одан әрі жетілдіру шаралары талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Елбасы министрліктіӊ дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі жұмыс тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ мәдениет саласын жан-жақты дамытудыӊ, ел азаматтарыныӊ патриоттық рухын нығайтудыӊ маӊыздылығына назар аударды.

А.Мұхамедиұлы қазіргі уақытта діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы заӊнамаға жүйелі өзгерістер енгізу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрі Қазақстан Президентіне ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асырудыӊ алдын ала қорытындылары мен Қазақстан спортшыларыныӊ алдағы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына дайындығыныӊ барысы туралы баяндады.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны