10.09.2007, 16:08 2935

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10 қыркүйек. АҚТАУ. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Маңғыстау облысына екі күндік жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Президент бұл өңірдегі өз сапарын "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының облыстық филиалына барудан бастайды.

Сондай-ақ, Н. Назарбаев "ҚазАзот" ЖШС химиялық кешенінде болып, өндірістік қуаты жылына 1360 мың тонна аммиак пен 1700 мың тонна карбамид өндіретін зауыт құрылысының іргетасына капсула салу рәсіміне қатысады. Бұл жоба 7 жылға есептелген және инвестиция көлемі 1,5 млрд долларды құрайды.

Сонымен бірге мемлекет басшысы "Caspian Steel" ЖШС атты жаңа металлургиялық зауытта да болады деп межеленген. Мұнда президентке тоқпен болат балқыту цехының стендтері таныстырылады. Н. Назарбаев металлургиялық өндірістегі сәулелі пештің іске қосылу рәсіміне қатысады. Жоба құны 50 млн долларды құрайды, қаржыландыру кәсіпорынның өз қаржысы мен екінші деңгейлі банктердің несиесі есебінен жүзеге асырылған. Кәсіпорынның жобалық қуаты 300 мың тонна металлургиялық өнім өндіруге негізделген.

Бұған қоса Н. Назарбаев "Ақтау теңіз айлағы" арнаулы экономикалық аймағының және транспорттық-логистикалық орталықтың аумағында салынатын тоғыз зауыттың құрылыс алаңына капсула салу рәсіміне қатысады деп жоспарланған. Қазақстан тарихында алғаш рет бір ғана кәсіпорынның емес, тұтастай индустриялық қалашықтың іргетасына капсула салынбақшы. Бұл жобаларға жұмсалатын жалпы инвестиция көлемі 2 млрд долларды құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны