06.06.2018, 21:32 4267

Мемлекет басшысы Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжановты қабылдады

Ақтауда бес елдіӊ делегациялары қатысатын Каспий маӊы мемлекеттері басшыларыныӊ саммитін өткізу жоспарлануда. Осы кездесуге қатысты барлық ұйымдастыру мәселелерін пысықтау керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Астана. 6 маусым. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы кеше Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжановты қабылдады.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа өӊірдіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы және Каспий маӊы мемлекет басшыларыныӊ саммитіне дайындық барысы жөнінде есеп берілді.

Қазақстан Президенті саммитті өткізуге тыӊғылықты дайындалу қажеттігін айтты.

- Ақтауда бес елдіӊ делегациялары қатысатын Каспий маӊы мемлекеттері басшыларыныӊ саммитін өткізу жоспарлануда. Осы кездесуге қатысты барлық ұйымдастыру мәселелерін пысықтау керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы және инвестиция тарту салаларындағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардыӊ жүзеге асырылу барысын баяндады.

- Негізгі экономикалық көрсеткіштердіӊ өсімі байқалып отыр. Сіздіӊ қойған міндеттеріӊіздіӊ бәрі іске асырылуда. 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша өӊірдегі өндірістіӊ көлемі 100,1 пайызға жетті, - деді Маӊғыстау облысыныӊ әкімі.

Кездесу соӊында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны