04.12.2013, 18:58 4141

Мемлекет басшысы Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды

Бүгін, 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 04 желтоқсан. Kazakhstan today. Бүгін, 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мәслихаттың осы үлгі регламенті (бұдан әрі - регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабына сәйкес әзірленді және мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбiн, мәслихаттағы депутаттық бiрлестiктердiң өкiлеттiктерiн, қызметiн ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс беру, аппарат жұмысының тәртiбiн және басқа да рәсiмдiк және ұйымдастырушылық мәселелерін белгілейді", - делінген құжаттың мәтінінде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны