31.03.2010, 16:44 7019

Мемлекет басшысы мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджановты қабылдады

Мемлекет басшысы мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджановты қабылдады

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

О.Мұхамеджанов президентті Қазақстан Республикасы парламентінің төртінші сессиясының ашылуында Елбасының сөйлеген сөзінде және "Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді орындау жөніндегі Палата депутаттарының, "Нұр Отан" ХДП фракциясының жұмысы туралы хабардар етті.

Иңгімелесу барысында сондай-ақ еліміздің жедел индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының құқықтық базасын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі парламентшілердің қызметі туралы әңгіме болды.

"Президент депутаттық корпустың жұмысын жоғары бағалады және бірқатар маңызды заң жобаларын жедел және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты міндеттерді қойды", - деді мәжіліс төрағасы журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны