11.05.2016, 19:45 3998

Мемлекет басшысы Мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақовты қабылдады

Қазақстан Президенті "Ұлт жоспары" аясындағы кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыруға бағытталған реформаларды тиімді жүзеге асырудыӊ маӊыздылығына назар аударды

Астана. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Т.Донақов таяуда құрылған министрлік қызметініӊ осы аралықтағы нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет жүйесініӊ қазіргі ахуалы туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті "Ұлт жоспары" аясындағы кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыруға бағытталған реформаларды тиімді жүзеге асырудыӊ маӊыздылығына назар аударды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Т.Донақов биылғы бірінші тоқсанда министрлікті ұйымдастыру кезеӊі аяқталғанын, оныӊ орталық және өӊірлік деӊгейдегі құрылымы айқындалғанын айтты. Министрлік бәсекеге қабілетті кадрлар құрамынан жасақталды және қойылған міндеттерді орындауға дайын.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны